Өнер
1 мин оқу 274

Жас өнерпаздар жүлдесі

<p style="text-align: justify;">Грузияның Батуми қаласында Golden Fleece халық&shy;аралық өнер фестивалі өтті. Шығармашылық додада Грузия және Украина елінің жас өнерпаздарымен бірге бақ сынаған атыраулық оқушылар бірінші жүлдені иеленді.</p>

Жас өнерпаздар жүлдесі

Мәселен, «Дәстүрлі ән» аталымында «Наркескен» домбырашылар ансамблі бі­рінші жүлдеге ие болды. Ал Бақдәулет Бисенбай, Ахмет Байтұрсын, Ақбота және Баян Байболат секілді домбырашылар үздік деп танылды.

«Біз Грузиядан кейін Zhul­dyz art­ Kazakhstan халықара-
лық байқауына қа­тыс­тық. Бұл бай­қауда да сәтті өнер көрсет­тік, – дейді өнерлі балаларды дайындаған ұстазы Алтын Жұ­м­атина. – Мектебіміз­дің оқу­­шы­лары «Вокал», «Халық әні», «Домбыра» аталымын­да жүлделі орындарды иелен­ді. Эстра­далық ән орындауда бас жүлдені Назерке Манар­бек, Айзере Ғазизова, Манас Мақ­сат, Нұрмұхамед Досқали жеңіп алды. Жас әнші Арыстан Нығметолла мен «Ақсұңқар» халық ан­самблі беделді халық­ара­лық байқаудың жеңімпа­зы атанды. Сондай-ақ қазылар алқасы Айару Тұр­сынғали мен Әмина Владимир құрған «Алтын-Алма» би дуэтінің өнеріне бірінші жүлдені берді.

Бөлісу: