Мәдениет
1 мин оқу 213

Қазақ мұрасының құжаты бар

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тағы Гарвард универсиетінің археолог-антропологы және Орталық Азия зерттеу институтының докторанты Кристен Пирсон ханым соңғы екі жыл үздіксіз байөлкелік қазақтардың сырмалы, тоқымалы, кестелі қолөнер бұйымдары: сырмақ, тұскиіз, алаша, маяуза (кішкентай сырмақ) қатарлы жәдігерлерді зерттеумен айналысып, бұларды материалдық және материалдық емес мәдени мұра ретінде ресми құжаттандыру шарасын қолға алды.</p>

Қазақ мұрасының құжаты бар

Зерттеуші бұл жұмысын Ұлы­британия һәм Солтүстік Ирландия Құрама королдігі Лондон музейінің қолдауымен іске асырып отырғанын ­айтады. Ол бұған дейін археолог ре­тінде Өтукен қойнауында жүргізіл­ген біріккен қазба жұмыстарына қа­тысып, көне түркілер қорымынан та­былған қолөнер бұйымдарындағы ою-өрнектер ешқандай өзгеріссіз қазіргі таңда Бай-Өлке қазақтарының қол­данысында жүргенін аңғарады.

«Ертеде, яғни ерте орта ғасыр дәуі­рінде өмір сүрген көк түркілерге тән қолданбалы өнер туындылары мен дәл бүгінгі байөлкелік қазақтар жасаған бұйымдардағы өрнектің дәлме-дәлдігі мені таңдандырды. Мұндай сәйкес­тікті бұған дейінгі зерттеушілердің аңғармағаны түсініксіз. Менің назарымды аударған дүние осы», дейді К.Пирсон ханым.

Осылайша, зерттеушілік жұмысын бастаған ол – байөлкелік тұрғындар-­
дың қолданысында жүрген 1 мыңнан астам сырмақ, тұскиіз, алаша сияқ­­ты өнер туындыларын ресми құжат­­тан-­
дырыпты. Алдағы күндері бұл бұйым­дардың фото-құжатын ағыл­шын тілін­де арнайы альбом-кітап етіп шығару ойында бар көрінеді.

Бөлісу: