Байқау
1 мин оқу 260

Әр жеңімпазға – 5 млн теңге

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған &laquo;Айбоз&raquo; ұлттық әдеби сыйлығына бүгінге дейін 64 өтінім келіп түсті. Оның ішінде &laquo;Үздік проза&raquo; аталымына &ndash; 26 шығарма, &laquo;Үздік драма&raquo; &ndash; 2 өтінім, &laquo;Үздік поэзия&raquo; &ndash; 21, &laquo;Үздік әдеби сын&raquo; аталымы бойынша &ndash; 1 өтінім, &laquo;Үздік әдеби аударма&raquo; &ndash; 4, &laquo;Үздік балалар әдебиеті&raquo; &ndash; 8, &laquo;Үздік комикс&raquo; &ndash; 2 өтінім.</p>

Әр жеңімпазға – 5 млн теңге

Еске сала кетсек, әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр аталымға 5 млн теңгеден бөлінген.

Үміткерлердің өтінімі 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыр­күйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

««Айбоз» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 аталым бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады», деді МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.

Бөлісу: