Теннис
1 мин оқу 240

Жасөспірімдер жетістігі

<p style="text-align: justify;">Еліміздің жасөспірім теннисшілері Германияның Ульм қаласында 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында өткен екінші санаттағы Tennis Europe сериясының M&uuml;ller Junior Cup Ulm турнирінде жеңімпаз атанды.</p>

Жасөспірімдер жетістігі

Мәселен, 14 жасқа дейінгілер арасында өнер көрсеткен Еркежан Жаңатаева жекелей сында үздік шықты. Ол финалда германия­лық Франческа Парцеллимен шеберлік байқа­сып, үш сетке жалғасқан бәсекеде корт қожайы­­нын 4:6, 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ осы жарыстың жұптық сынында бақ сына­­ған Ярослав Пшеничный мен Мансұр Сайынов та қарсылас шақ келтірмей, турнирдің бас жүлдесін олжалады. Ал германиялық Гудит Пла­мен жұп құрап ойнаған отандасымыз Әдия Омарбек финалда жеңілді.

Сонымен қатар 16 жасқа дейінгілер ара­сындағы жарыста тағы бір жерлесіміз Сәтима Төреген жеңіс тұғырына көтерілді. Ол соңғы бәсекеде неміс Ида Вобкерді қапы қал­дырды – 6:3, 6:7 (4:7), 6:4. Ұлдар арасын­дағы бәсекеде Родион Лукашов пен Олжас Есенәлі финалдық бәсекеде қарсыластарына жол беріп, екінші орынға табан тіреді.

Бөлісу: