Спорт
1 мин оқу 210

Қоржынға қос қола түсті

<p style="text-align: justify;">Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жат&shy;қан Жазғы универсиаданың кезекті күнінде ел қоржынына тағы екі қола медаль түсті.</p>

Қоржынға қос қола түсті

Бұл жолы у-шу спортының өкілдері жеңіс тұғырынан көрінді. 60 кило салмақта өнер көрсеткен жерлестеріміз – Бексұлтан Қоскенов пен Әйгерім Төреханова жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, Универсиаданың қола жүлдегерлері атанды.

Ерлер арасындағы сайыста бақ сынаған Бексұлтан Қоскенов жартылай финалда қытай­лық Ма Йигудің осал тұсын таба алмаса, Әйгерім Төреханова түркиялық Берне Туттен жеңіліп қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы кезекті қос қола медальден кейін жалпыкоманда­лық есепте 13 жүлдемен ТОП-20 елдің қатарында келеді. Қытайдағы Жазғы универсиада са­йыстары 8 тамызға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қоржынға қос қола түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар