Қоғам
2 мин оқу 452

Орман да қамқорлыққа зәру

<p style="text-align: justify;">Қазақстандағы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры сирек тоғайлы ормандарды жандандыру бағытындағы жобасы аясында климаттық өзгерістер, қалдықтар, су және табиғат сияқты төрт негізгі бағытқа көзделген экологиялық жауапкершілік стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырып келеді.</p>

Орман да қамқорлыққа зәру

Табиғатты қорғау қызметі аясында Дүниежүзілік жаба­йы та­биғат қоры (WWF) стра­тегиялық әріптестікте жойы­лып бара жат­қан ормандарды қалпына кел­тіру үшін Naturella брендімен бір­лесіп «Орман күзетшісі» жо­ба­сын іске асырған болатын. Атал­ған компания түскен қа­ра­­жаттың бір бөлігін «Іле-Бал­қаш» мемлекеттік табиғи резер­ватының аумағындағы то­ғайлы ормандар экожүйесін қал­пына келтіруге және сақтауға бағыттап отыр.

Іле өзенінің атырабы және Оңтүстік Балқаштың сулы-бат­пақты аймақтары сирек тоғай­лы ормандармен көмкерілген. ­Жер­дің құрғап кетуі, адам­дар­дың табиғатқа селқос қа­рауынан туындайтын өрт салдары осы тоғайлы ормандар­дың жойылуына, резерваттың флорасы мен фаунасына, ауа сапасына кері әсерін тигізеді.

Жоба аясында өртенген то­ғай­лы ормандар учаскелеріне ке­шенді зерттеу жүргізу, өртке қар­сы іс-шараларды жүргізу үшін еріктілер тобын оқыту, таң­дал­ған учаскелерге көшеттер отыр­ғызу және күтім жасау жос­пар­ланған. Осы орайда «Іле-Бал­қаш» резерватының 4 гектар ор­манды алқабы қалпына кел­тірілмек.

Дүниежүзілік жабайы таби­ғат қорының орманды қалпы­­на келтіру жөніндегі жобала­ры­­ның жетекшісі Айбек Байбұ­лов ­жа­сыл желекті алқаптар­ды ­қор­ғау, оларды сақтап қалу­­дың маңы­зына тоқталды. Оның айтуынша, жасыл желекті ал­қаптарды мекендейтін жаба­йы жануарларға да қамқорлық қажет, сонымен қатар жаң­быр­дан кейін ылғал жинап, жаз кезінде табиғи су ретте­гіш­те­рі болып табылатын то­ғай­лы алқаптардың адамзат тірші-
лігі үшін маңызы зор. «Іле-Бал­қаш» резерватын қолдауға бағытталған жоба нәтижесінде отырғызылған әр көшет уақыт өткен сайын жайқалған алқапқа айналатынына сенім мол.

Дүниежүзілік жабайы таби­ғат қоры осы жобаны іске асырып, әрі қарай жалғастыру­да еріктілердің, фермерлердің, жер­гілікті тұрғындардың, яғни экологияға бейжай қарамайтын азаматтардың көмегіне сенім артады.

Орталық Азиядағы Proc­ter&­Gamble басшысы Руслан Гам­заев атап өткендей, ортақ үйі­міз ретінде аялай отырып, та­би­ғатты қорғау ұйымдарымен ын­ты­мақтастыққа және экология­ны сақтауды насихаттауға кеңінен жол ашуға тиіспіз. Қазақстан­ның орман байлығын сақтауға бағытталған кешенді жобаға қа­тысушыларының пікірінше, тоғайлы ормандарды қалпына келтіруде жаңа бағдарлама­лар­ды іске қосу да жоспарда ­бар. Бүгінде Дүниежүзілік жаба­­йы табиғат қоры (WWF) әлемнің 100-ден аса елінде табиғат қор­ғау ісімен айналысып, экологияны жақсарту, табиғат үйлесімділігіне қол жеткізу мен биологиялық алуантүрлілікті сақтауға ықпал етіп келеді.

Бөлісу: