Үздіктер қатарында екі өкіліміз бар
<p style="text-align: justify;">Кәсіпқой бокстағы ең беделді ұйым­ның бірі – Бүкіләлемдік бокс қауым­дастығы (WBA) боксшылардың әлемдік рейтингін жаңартты.</p>

Шілде айының қорытындысы бойынша, бұған дейінгі WBA ұйымының рейтингінде 9-сатыда тұрған екінші орта салмақтағы отандасымыз Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) бір саты төмендеп, 10-орынға сырғыды. 25 жастағы жерлесіміз ең кейінгі жекпе-жегін осы жылдың мамыр айында өткізіп, Венесуэла өкілі Архенис Эспананы (15-1, 14 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ал екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Сұлтан Зауырбек рейтингтегі жағдайын жақсартып алды. Өткен айда жерлесіміз 10-орында тұрған болса, бұл жолы ол бірден үш саты жоғарылап, 7-орынға көтерілді. С.Зауырбек осыдан бірер апта бұрын Англияда испаниялық Джон Картермен жұдырықтасып, қарсыласын үшінші раундта тізе бүктірген-ді.