Аймақтар
1 мин оқу 1,290

Оралда 12 млн теңге ұрлаған ресейлік алаяқ ұсталды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

29 шілдеде Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің CyberPol қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралдағы жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады.

Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Күдікті Оралдағы полиция басқармасына қарасты уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Бөлісу: