Қоғам
1 мин оқу 950

Алматы облысында жаппай төбелес болып, 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында жастар арасындағы төбелес болып, 17 жасар жасөспірім қаза тапты. &nbsp;Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР ІІМ баспасөз қызметі.</p>

Алматы облысында жаппай төбелес болып, 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды

«Қайтыс болған жасөспірімге оқ тигені анықталды. Оқ атқан мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті УҰИ-ға қамалды, бұл факт ҚР ҚК 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі 14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды», деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Түнгі сағат 12-де жастар арасында төбелес болып, қатысушылардың біріне оқ тиіп, қайтыс болғаны анықталды. Облыстық ПД бастығының айтуынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

«Басқа қатысушыларға қатысты ҚР ҚК 293 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп нақтылады Әленов.

Еске сала кетсек, 5 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды.

Бөлісу: