Байқау
1 мин оқу 455

Жас қаламгерлерге арналған сыйлық

<p style="text-align: justify;">Биыл Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан тұңғыш рет жарияланып отырған жас ақындар мен жазушыларға берілетін арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау аяқталды. Әдеби сыйлық 18-35 жас аралығындағы қаламгерлерге арналған. Байқауға барлығы 53 үміткердің құжаты қабылданды. Олардың ішінде &laquo;Балалар әдебиеті&raquo; &ndash; 17, &laquo;Драматургия&raquo; &ndash; 9, &laquo;Поэзия &ndash; 13&raquo; және 14 қатысушы &laquo;Проза&raquo; аталымдары бойынша өтінім берді.</p>

Жас қаламгерлерге арналған сыйлық

Қазіргі таңда барлық шығар­ма­лар сараптаманың бірінші кезе­ңінде, яғни әдеби сыйлық­тың сарапшылар комиссиясына ұсынылды. Сарапшылардың қарауына туындылар авторы жасырылып, шифр бойынша таратылды.

Сараптаманың екінші кезеңі тамыз айының екінші жартысына жоспарланып отыр. Әдеби сыйлық негізгі 4 аталым бо­йынша үз­діктерді анықтайды. Әр аталымда жеңімпазға 4 млн теңге сый­ақы және «Арнаулы әдеби сый­лықтың лауреаты» атағы, диплом және төсбелгі беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау жыл соңына жоспарланған.

«Жас қаламгерлердің шығар­машылығын қолдау, ынталандыру және насихаттау аса маңыз­­ды. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған сыйлықты еліміздің рухани ортасы жылы қабылдады. Салыстырмалы тұрғыда басқа аталымдарға қарағанда «Бала­лар әдебиеті» бағытына көбі­­рек шығарма түскені негізгі мақ­сат­тарымыздың біріне қол жет­кізгеніміз деуге болады. Бүгін жас қалам­герлерге жасалған қол­дау, ертең үлкен жазушылардың қалып­тасуына септігін тигізетіні анық», деді МСМ Архив, құжат­тама және кітап ісі комитеті ­Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.

Бөлісу:
Жас қаламгерлерге арналған сыйлық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар