Есірткі
2 мин оқу 330

Есірткіге қарсы жоба

<p style="text-align: justify;">Қазір жастардың басым бөлігі есірткіге елірген. Әсіресе интернет, пошта қызметтері, цифрлық төлемдер және &laquo;бетбелгілер&raquo; сияқты заманауи әдістер арқылы бұл препараттарға қол жеткізу тіптен оңайлап кетті.</p>

Есірткіге қарсы жоба

Осының салдарынан алып-сатарларды дер кезінде құрықтау құқық қорғау органдары қыз­меткерлеріне қиын­дық туғызып жатыр. Осы ретте «Жастар рухы» жастар қанаты есірткі жарнамаларын өшіруге жәр­демдесіп жатыр. Нәтижесінде, жарты жылда 4 мыңнан аса есірткі-граффитилер жойылыпты.

«Amanat» партиясы жанын­да­ғы «Жастар рухы» Жастар қа­на­тының «Есірткіге жол жоқ» жобасы өңір­лерде тұрақты өткізі­ле­ді. Астана қаласының бел­сенділері де тұрғын үй алаптары маңындағы әртүрлі мекенжай мен күдікті жазуларды бояды. Пар­тия­лықтар игі науқанды алдымен елорданың оң жағалауынан бас­тады.

– Есірткі – қазіргі заманның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні баршамызға белгілі. Ғасыр дертімен күресуде «Жастар рухы» жастар қанатының тарапынан жан-жақты жұмыс жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері жүргізілген арнайы рейдтерде барлық 20 өңірде 1 000-нан аса еріктінің қатысуымен 4 000-нан аса граффити анықталып, жойылды. Дәл осындай акция Астана қаласында өз жалғасын тапты. Астана жастарының көме­гімен тыйым салынған сайттар белгіленген жазуларды бояу жұ­­мыс­тарын жүргіздік, – деді Жас­тар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Жастармен бірге акцияға саламатты өмір салтын насихаттау­шы, Street Workout Kazakhstan негізін қалаушылардың бірі Айтым Жақыпов пен джиу-джитсудан әлем чемпионы Василий Тахтай қатысты.

– Бұл – біздің рухтастармен бірге жүргізген кезекті рейд. Ак­ция барысында есірткілер мен жүйкеге әсер еткіш өнім­дер тарату­мен айналысатын сайт­тар­дың ме­­кенжайлары көр­се­тілген жар­­­­намаларды анықтап, оны жою­­­дамыз. Бір қуантарлығы, спортқа қызығып, спортпен шұ­ғыл­данатын жастар саны артып келеді, яғни қазіргі жастар саламатты өмір салтын таң­дайды, – деді А. Жақыпов.

Елімізде наша­қор­лықтың алдын алу жүйесін жетілдіруге, на­шақорларды емдеу­ге және есірт­кі­ге тәуелді адамдарды оңал­­ту жүйесін дамытуға, сон­дай-ақ са­ла­аралық өзара іс-қи­мыл­ды кү­шей­туге назар ауда­ры­лып отыр. Осы іс-шараларды іске асы­руға бюд­жеттен 53,1 млрд теңге бөлу көз­делген.

Бөлісу:
Есірткіге қарсы жоба · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар