Ауа райы
1 мин оқу 370

Ертең ел бойынша екпінді жел соғады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан синоптиктері 8 тамызға арналған ауа райы қандай болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мамандардың айтуынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр.
«Елдің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тек Қазақстанның батысында күн жауын-шашынсыз болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Нақтырақ айтқанда, ел бойынша екпінді жел соғады. Қазақстанның солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +31+36°С.

Бөлісу:
Ертең ел бойынша екпінді жел соғады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар