Хоккей
1 мин оқу 180

«Блинов кубогіне» қатысады

<p style="text-align: justify;">Елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы Құр&shy;лықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы алдында Ресейдің Омбы қаласында өтетін Виктор Бли&shy;новты еске түсіруге арналған &laquo;Блинов кубогіне&raquo; қатысады.</p>

«Блинов кубогіне» қатысады

20-25 тамыз күндері Омбыдағы «G-Drive Арена» спорт кешенінде өтетін турнирде «Барыс» командасынан бөлек, жарыс қожайыны «Авангард», Ярославльдің «Локо­мотив», Нижнекамскінің «Неф­техи­мик» және Өфенің «Салават Юлаев» клубтары қатысады. Турнир айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылады.

Жарыс кестесіне сәйкес «Барыс» ал­ғашқы ойынын 20 тамызда «Салават Юлаевпен», содан соң 21 тамыз күні «Ло­­комотивпен» өткізеді. Ал 23 тамыз­да «Аван­гардпен», 25 тамызда «Нефте­химик­пен» кездеседі.

Бөлісу: