Елорда
1 мин оқу 250

Елордада екі көшенің учаскелері уақытша жабылады

<p style="text-align: justify;">Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәлімдемесіне сәйкес 8-11 тамыз аралығында Керей-Жәнібек хандар көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралығында көлік қозғалысы жөндеу жұмысына байланысты толығымен жабылатын болады.

Сонымен бірге Тұран даңғылының Жұлдыз айналымынан Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында қозғалыста осы айдың 8-11 күндері  ішінара жабылады.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Елордада екі көшенің учаскелері уақытша жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар