Қоғам
1 мин оқу 290

Астанада барлық мектептегі спорт алаңдары тексеріледі

<div class="description" style="text-align: justify;">Бүгін, 8 тамызда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы мектеп аулаларының бірінде<strong></strong> баланың қайтыс болуы оқиғасына қатысты үкімет отырысында пікір білдірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</div> <div class="content">&nbsp;</div>

Министрдің айтуынша, қазір мектепте болған өлімнен кейін тергеу жүргізіліп жатыр.

«Кешеден бастап білім басқармасына мектептердің барлық спорт алаңдарын тексеру тапсырмасы берілді. Астанада ғана емес, еліміздің барлық өңірінде де спорт алаңдары мен жабдықтары тексеріледі», деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, Астанада 7 тамызда 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады. Оқушы жарақат алып, қайтыс болды. Елордалық білім басқармасы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Астанада барлық мектептегі спорт алаңдары тексеріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар