Қаржы
1 мин оқу 370

Доллар бағамы бәсеңдеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,56 теңгеге төмендеп, 445,88 теңге болғанын мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұдан басқа Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 61,78 теңге (-0,04) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 487,28 теңге, рубльді 4,69 теңге деп белгіледі.

7 тамызда өткен кешкі сауда қорытындысы бойынша, еуроның теңгеге шаққандағы бағамы 4,70 теңгеге өсіп, 490,34 деңгейінде тоқтады.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 445,5-448,1 теңге, еуро – 489-493 теңге, ресей рублі – 4,63-4,85 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Сейсенбіде мұнай бағасы да төмендегенін айта кету керек. Мәселен, Brent маркалы мұнайдың қазандағы фьючерстері барреліне 84,11 доллар (-1,44%), WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері барреліне 80,83 доллар (-1,36%) болды.

Бөлісу:
Доллар бағамы бәсеңдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар