Өнер
1 мин оқу 410

Аустрияда қазақ әуені қалықтады

<p style="text-align: justify;">Кенен Әзірбаев атындағы &shy;Жам&shy;был облыстық филар&shy;мо&shy;ния&shy;&shy;сы Аустрияның оңтүс&shy;ті&shy;гін&shy;де орналасқан Филлах қала&shy;сын&shy;да өткен &laquo;Villacher Kirchtag&raquo; атты дәстүрлі фестивальға қа&shy;&shy;тысты.</p>

Аустрияда қазақ әуені қалықтады

Фестиваль сахнасында Мәдениет саласының үздігі Дастан Көрегеннің жетекшілігіндегі «Алатау» фольк­лорлық ансамблі, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров және Жандос Ома­ров өнер көрсетті. Мәдени байқауды 100 мың көрермен тамашалап, 40-қа жуық мемлекеттен 3000-ға жуық өнерпаз қатысты.

Қазақстанның Аустрия Респуб­ликасындағы, Словения Республи­ка­сындағы Төтенше және өкілетті ел­шісі, Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым­дар жанындағы тұрақты өкілі Әлібек Бақаев Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжатта­ма басқармасының бас­шысы Ерлан Жүнісбайға, К.Әзір­баев атындағы Жамбыл облыстық филар­мониясының директоры Сейітқасым Түктібаевқа алғыс білдіріп, өнер­паз­дарды да марапаттады.

Сондай-ақ филармония өнер­паз­дары 78-дәстүрлі фестивальдың жабылуына арналған «Ұлттық киімдер шеруіне» қатысты. Деректерге сенсек, мәдени іс-шараны 150 мың көрермен тамашалаған.

Шеруге көк байрағымызды жел­бі­ретіп, еліміз атынан қатыс­қан К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыс­тық филармониясы «Атамекен», «Өз елім» және халық әндері мен Ән­ұран­ды орындады.

Бөлісу:
Аустрияда қазақ әуені қалықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар