Теннис
1 мин оқу 154

Бірінші кезеңде сүрінді

<p style="text-align: justify;">Теннистен еліміздің бірінші, әлемнің 28-ракеткасы Александр Бублик Кана&shy;даның Торонто қаласында шы&shy;мылдығы түрілген АТР 1000 сана&shy;тындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды.</p>

Бірінші кезеңде сүрінді

Жүлде қоры 6,6 млн АҚШ долларын құрайтын жарыстың алғашқы айналымында отандасымыз ең ыңғайсыз қарсылас, польшалық Хуберт Гуркачпен шеберлік байқасты. Бублик осы турнирге дейін әлемдік рейтингте 17-орында тұрған теннисшімен кортта алты мәрте кездесіп, соның бесеуінде қарсыласына жол берген. Тек бір ғана матч­та Александрдың мерейі үстем болған. Екі теннисші арасындағы жетінші бәсекеде де поляк теннисшісінің бағы жанып, екі сетке жалғасқан матчта Гуркач 6:3, 7:6 (7:2) есебімен мықтылық танытты. Енді А.Бублик Торонтодағы жарысты жұптық сында жал­ғастырады.

Сондай-ақ Канаданың Монреаль қала­сындағы WTA 1000 турниріне арнайы шақырту алған Юлия Путинцева кеше кеш­кісін алғашқы айналымдағы бірінші ойы­нын әлемнің 53-ракеткасы, америкалық Бернар­да Перамен өткізді. Әйелдер арасындағы елі­міздің бірінші ракеткасы Е.Рыбакина осы тур­нирдің үшінші айналымына шығу үшін бүгін таңда америкалық Дженнифер Брэдимен сынға түсті.

Бөлісу:
Бірінші кезеңде сүрінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар