Күрес
1 мин оқу 230

Бұйырғаны – үш жүлде

<p style="text-align: justify;">Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жас&shy;өспірімдер арасында ұйымдасты&shy;рыл&shy;ған әлем чемпионаты аяқталды.</p>

Бұйырғаны – үш жүлде

Жер-жаһанның ең мықты деген білекті балуандары жиналған Түркия бозкілемінде еліміздің де спортшылары белдесіп, үш жү­лдеге қол жеткізді. Әлем чемпионатының ал­ғашқы күніндегі еркін күрес шеберлерінің жарысында ауыр салмақтағы өкіліміз, жуыр­да ғана Иорданияның Амман қаласында өткен Азия біріншілігінде топ жарған Едіге Қасымбек (110 кило) финалдық сайыста қар­сыласына жол беріп, әлем чемпионаты­ның күміс жүлдегері атанды. Ол бас жүлде үшін өткен сайыста әзербайжандық Юсиф Дурсуновтан айласын асыра алмады.

Сонымен қатар еркін күрес шеберлері – Нұрдәулет Сейілбеков (71 кило) пен Самир Дурсунов (92 кило) әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде екі отандасымыз да үндістандық балуандардан басым түсті. Осылайша, жер­лес­теріміз әлем чемпионатын 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады.

Бөлісу:
Бұйырғаны – үш жүлде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар