Жастар
1 мин оқу 392

«Жастар апталығы» басталды

<p style="text-align: justify;">Елімізде &laquo;Жастар апталығы&raquo; арнайы іс-шарасы басталды. Осыған сәйкес 7-12 тамыз аралығында республика өңір&shy;лерінің барлық алаңдарында қайы&shy;рым&shy;дылық, волонтёрлік және эколо&shy;гия&shy;&shy;лық акциялар, бос орындар жәрмең&shy;ке&shy;лері, түрлі фестивальдар, жастарға арналған концерттер мен семинарлар өтеді.</p>

«Жастар апталығы» басталды

Іс-шаралар 12 тамызда аталып өтетін Халықаралық Жастар күні қарсаңында ұйымдастырылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.Басты мақсат – жастарға арнал­ған қоғамдық-мәдени, спорт­тық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы атаулы күннің қоғамдық мәртебесін көтеру.

«Жастар апталығы» еліміздің әр өңірінде «12 игі іс» қайырымдылық акциясымен басталды. Бұл күн­дері жас еріктілер мен жастар ұйым­дарының өкілдері қарттар үйлер­іне, балалар үйлеріне барады; экологиялық акция­лар өткізеді және мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

Бөлісу:
«Жастар апталығы» басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар