Қоғам
1 мин оқу 340

Саран қаласының әкімі қызметінен кетті

<p style="text-align: justify;">Ержан Темірханов Қарағанды ​​облысындағы Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды. Қала басшысының міндетін уақытша Алмас Сүлейменов атқарады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Саран қаласының әкімі қызметінен кетті

Ержан Темірхановтың қызметінен кеткенін «Вечерняя Караганда» телеграм арнасы жазды. Басылымның мәліметінше, әкімнің еңбек келісім-шартының мерзімі аяқталған.

Ержан Темірханов 1980 жылы туған, Қарағанды ​​заң институтын және Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінде бастаған (2002-2005), кейін Алматы және Қарағанды ​​қалаларындағы жеке ұйымдарды басқарды, 2011 жылы «БТА Банкі» АҚ-да басқарма басшысы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Қарағанды ​​облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды, 2013 жылы Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары, 2013-2017 жылдары Қарағанды ​​қаласы Октябрь ауданының әкімі болды.
 
Ержан Темірханов Саран қаласының әкімі қызметін 2017 жылдың мамыр айынан бері атқарды.
Бөлісу:
Саран қаласының әкімі қызметінен кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар