Спорт
2 мин оқу 421

Иорданияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді

<p style="text-align: justify;">Тамыз айының 14-20 күндері аралығында Иорданияның астанасы &ndash; Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Еркін күрес және грек-рим күресінен еліміздің ұлттық құрама командалары жасақталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еркін күрестен ел намысын қорғайтын балуандарымыз:

57 кг –  Мерей Базарбаев (Алматы қаласы)

61 кг –  Әбдінұр Нұрланбек (Жамбыл облысы)

65 кг –  Санжар Мұхтар (Жамбыл облысы)

70 кг –  Егор Анчугин (Алматы қаласы)

74 кг –  Ерхан Бексұлтанов (Ақмола облысы)

79 кг – Мағжан Жанырбай (Жетісу облысы)

86 кг –  Иманғали Қалдыбек (Түркістан облысы)

92 кг –  Ризабек Айтмұхан (Алматы қаласы)

97 кг –  Камиль Куруглиев (Маңғыстау облысы)

125 кг –  Марлен Құрлысбек (Шымкент қаласы)

Әлемдік додада грек-рим күресі бойынша белдесетін балуандарымыз:

55 кг –  Исхар Құрбаев (Алматы облысы)

60 кг – Сайфулла Құрман (Ақтөбе облысы)

63 кг –  Дінислам Сағитжан (Ақтөбе облысы)

67 кг –  Азиз Гасымов (Ақмола облысы)

72 кг –  Елдос Камелов (ШҚО)

77 кг –  Олжас Ерғали (Қарағанды облысы)

82 кг –  Ислам Евлоев (СҚО)

87 кг –  Нұрасыл Аманалы (Астана қаласы)

97 кг –  Юсуф Мациев (Қостанай облысы)

130 кг – Джохар Узаров (Шымкент қаласы)

Айта кетсек, белдесуге бірінші болып еркін күрес балуандары шығады. Одан кейінгі кезек әйелдер күресіне келсе, әлем чемпионатын грек-рим күресінің балуандары аяқтайды.

Бөлісу: