Аймақтар
1 мин оқу 286

«Таразитану» айлығы

<p style="text-align: justify;">Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымының ұйытқы болуымен қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әкім Таразидің 90 жылдық мерейтойына орай &laquo;Бір өңір &ndash; бір кітап&raquo; акциясы аясында &laquo;Асыл сөздің ұстасы&raquo; тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында қаламгер шығармашылығын зерделеу айы ресми түрде ашылғаны хабарланды.</p>

«Таразитану» айлығы

Әкім Таразидің өлмес туын­дылары мен шығармашы­лық жолын өңір тұрғындары, әсіресе жастар арасында кеңі­нен насихаттау мақсатында ұйым­дастырылған әдеби кешке жер­гілікті қаламгерлер қа­ты­сып, жазушының қазақ әде­биетіндегі рөлі жайлы тол­ғамды ойларын ортаға салды.

Іс-шараға қатысқан мәр­тебелі меймандар зобалаң мен зұлматқа толы жылдарда дү­ние есігін ашқан қаламгер­дің балалық шағы Екінші дү­ние­жүзілік соғыс жылдары­мен тұспа-тұс келгенін, дәуір сырын жанымен ұққан жазу­шының, дара суреткердің шы­ғар­малары қай уақытта да қа­лың оқырманның жүрегінен орын тапқанын сөз етті.

Қай жанрға қалам тербесе де, қатарластарына ұқсамауға тырысып, фәни жалғанның шындығын өзінше көркем бей­нелеп, замандастарының әр­түрлі образын жасап, олардың ішкі әлеміне терең үңілген қа­лам­гер туралы ақын, жазушы Ұлар­бек Нұрғалымұлы да өз пікі­рін бейнеүндеу арқылы жол­дап, алдыңғы толқын шы­ғар­малары туралы ойымен бөлісті.

Әдеби кеш барысында Қазақ ұлттық өнер универ­сите­тінің профессоры, Қазақстан кинемотографистер одағы­ның мүшесі Назира Мұқышева ­да бейнежолдау арқылы Әкім Таразидің ұлттық кинемато­графия орталығының жұмы­сын жолға қойып, «Арман-атаман», «Тұлпардың ізі» фильмдерін түсіріп, «Қараш-қараш оқиғасы» фильмін жа­сауға қатысқанын жеткізді.

Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері жер­гілікті жас­тарды классик жазу­шы­ның құнды дүниелерін оқу­ға ша­қырып, «Таразитану» айлы­ғын ашық деп жариялады.

ТАРАЗ

Бөлісу: