Бір топ азамат «Ерлігі үшін» медалімен наградталды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Ерлігі үшін» медалімен марапатталғандар:
1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;
3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.