Аймақтар
1 мин оқу 230
Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы қымбаттайды
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы «Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифті саралау туралы»қаулысы қабылданды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қаулыға сәйкес, қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі төлем тәсіліне байланысты мынандай мөлшерде болады:
- ұялы байланыс операторының қызметтері немесе көлік картасы не болмаса жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде – 100 теңге;
- қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.
Қаулы 10 тамызда жарияланды, 21 тамызда қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу: