Спорт
1 мин оқу 401

Шымкентте футбол жанкүйерлері мен ойыншылар төбелесті

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында өткен&nbsp;футбол матчы кезінде жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Шымкентте футбол жанкүйерлері мен ойыншылар төбелесті

Кеше Шымкент қаласындағы «Биик» шағын стадионында «Қайрат-жастар» және «Оңтүстік» жастар құрамаларының кездесуі өткен еді.

Ойын барысында алматылық команда ойыншылары мен жергілікті жанкүйерлер арасында жаға жыртыс болды.

Төрешілер ойыншыларға шара қолданды. Сондай-ақ  жергілікті команданың жанкүйерлері полиция бөліміне жеткізілді.

«Полицияға шағым түскен жоқ. Ал жанкүйерлерге футбол матчтарында өзін-өзі дұрыс ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді», делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Шымкентте футбол жанкүйерлері мен ойыншылар төбелесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар