Қоғам
1 мин оқу 321
Жетісу облысындағы ауылда төрт көшені су басты
<p style="text-align: justify;">Жетісу облысындағы Ешкіөлмес ауылында төрт көшені су басты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесін су басты.
Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардың тұрғындары жартылай эвакуацияланып жатыр.
Бөлісу: