Спорт
1 мин оқу 230

Елена Рыбакина Монреальдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалдағы матчын өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Елена Рыбакина Монреальдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік теннисші, әлемнің 10-ракеткасы Дария Касаткинамен бақ сынасты.

Елена Рыбакина 5:7, 7:5, 7:6 (10:8) есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші 3,5 сағатқа созылған матч кезінде 7 эйсті орындап, 7 қос қателік жасады. 24 брейк-пойнттың 10-ын сәтті пайдаланды.

Елена Рыбакина жартылай финалда тағы бір ресейлік теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Людмила Самсоновамен ойнайды.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Монреальдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар