Әлем
1 мин оқу 442

Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы айқас ерекше стильде өтеді

<p style="text-align: justify;">Миллиардерлер Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы айқас ерекше стильде өтеді

Бұндай жаңалықпен  X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск өз парақшасында бөлісті.

Оның айтуынша, аталмыш айқасты өзінің және Цукербергтің қоры ұйымдастырады.

Осылайша Маск мұның алдындағы «жекпе-жек UFC алаңында өтеді» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Тікелей эфир X платформасында (бұрынғы Twitter желісінде) және Цукербергке тиесілі Meta-да көрсетіледі.

«Камераға түсетін бүкіл көрініс ежелгі Рим стилінде болады, демек заманауи ештеңе күтпеңдер. Мен Италияның премьер-министрімен және мәдениет министрімен сөйлестім. Олар шараны эпикалық орында өткізуге келісті», деп жазды Илон Маск өз парақшасында.

Сонымен қатар миллиардердің сөзіне қарағанда, түскен қаражат түгел ардагерлерге аударылады.

Бөлісу: