Ақтөбедегі өрт кезінде 44 адам эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе қаласында Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға туралы бүгін сағат 13:22-де белгілі болды. Өрт орнына жеткен өрт сөндірушілер 44 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Облыстың ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, бірінші қабаттағы пәтерде жиһаз өртенген. Өрт сөндірушілердің жедел қимылдарының арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылған. Сонымен қатар баспалдақ маршы арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің 26 өрт сөндіруші және 6 бірлік техникасы жұмылдырылған. Сонымен қоса өрт болған аумаққа Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы барған.
20 шаршы метрді құраған өрт алаңы 13.47-де сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
