Қоғам
1 мин оқу 1,060
Ақмола облысында бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Анықталғандай, Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кеткен.
Оқиға орнында Lexus-тың 42 жастағы жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Қазір ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу: