Білім
1 мин оқу 420

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарына 25 Президенттік стипендия бөлінді

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер және туризм бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына Президенттік стипендия бөлу туралы бұйрық жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;&nbsp;</p>

Биылғы жылы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты оқу орындарына бөлінген 25 Президенттік стипендияның 24-і бакалаврларға, 1-і магистранттарға арналған.

Жоғары білім беретін оқу орындарының ішінде Президенттік стипендия:

  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 4;
  • Қазақ ұлттық  өнер университетіне – 12;
  • Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 4;
  • Халықаралық туризм және меймандостық университетіне – 4.

Ал магистратураға арналған Президенттік стипендия Қазақ ұлттық  өнер университетінің магистратурасына берілген.

Бөлісу: