Президент
1 мин оқу 250

Мемлекет басшысы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

«Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», деп жазылған жеделхатта.

Бөлісу: