Талдықорғанның авиациялық базасында әскери қызметкер көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Талдықорғанның авиациялық базасында төтенше жағдай болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен. Оқиға салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
«Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», деп қосты ведомство өкілдері.