Еңбек
1 мин оқу 350

Алғада жасалған аяқкиім

<p style="text-align: justify;">Махамбет ауданының Алға ауылында тұратын Жанаргүл Аманғалиева жазғы мезгілге арналған аяқкиім тігеді. Бұл кәсібін бастау үшін мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алған.</p>

Алғада жасалған аяқкиім

Тігін тігу ісін бала күнінде ана­­сынан үйренген. Содан бері қо­лы­нан ине-жіпті таста­май­­ келеді. Ал аяқкиім тігу­­мен­­­ тек хобби ретінде ай­на­­­­­­лы­­сып, бастапқыда аға­­­­йын­­-туыс­та­ры­ның тапсырысын орын­дап жүрген. Кейіннен бұл­ ісін тұрақ­ты кәсіпке айнал­ды­­руға бекініпті.

«Кәсіп бастау оңай емес. Оған тәуекел де, тіпті қаржы да­ ке­рек. Сондықтан аудандық жұ­мыс­­пен қамту орталығының ма­ман­дарынан, «Атамекен» ҰКП-ның­ өңірлік филиалы­нан­ кеңес алып, бизнес-жос­пар­ құрдым. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіп­кер­лік­ті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 1 млн 380 мың тең­ге көлеміндегі қай­та­рымсыз қар­жы­ға қол жеткіздім. Тігін мә­шін­­­кесін, өзге де құрал-жаб­­дық­­тарды сатып алып, ша­ғын­­ ше­бер­хана аштым», дейді Жа­нар­­­гүл.

Ол аяқкиімнің сапалы бол­ға­нын­ қалайды. Сол себептен сапа­лы­ жіпті Иран мен Түркиядан тап­сырыспен алдырады.

«Келінім өзім секілді қол­өнерге жақын жан. Үйден ұлт­тық нақышпен көрпе тігеді. Оның бәрін тапсырыспен жа­сай­­­ды. Өзім бір күнде 2-3 жұп аяқ­­киім дайындаймын. Бағасы – 5 мың теңге. Енді балаларға ар­­налған жабық үлгідегі аяқ­киім­дерді тоқуға көшемін», дейді Ж.Аманғалиева.

Оның айтуынша, аяқ­киім­­нің базар мен дүкенде са­ты­ла­­тын түрлерінен бірнеше ерек­шелігі бар. Біріншіден, аяқ­ты­ терлетпейді. Екіншіден, иіс­ шығармайды. Үшіншіден, бұл­ аяқкиім жуған соң өңін бұз­бай­ды.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Алғада жасалған аяқкиім · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар