Қаржы
2 мин оқу 260

Сыйақы төмендеуі мүмкін

<p style="text-align: justify;">Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторындағы негізгі ахуалдар, соның ішінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) өзгертуге байланысты газет редакциясынан жолданған сауалға жауап берді. Олар Ұлттық банктің ақша-кредит статистикасының дерегіне сілтеме жасай отырып, тұтынушылық қарыздардың көлемі 8,5 трлн теңгеге жеткенін хабарлайды. Бұл &ndash; бөлшек несиелеудің жалпы көлемінің 54,2 пайызы.</p>

Сыйақы төмендеуі мүмкін

2023 жылдың бірінші жарты­жыл­дығында екінші дең­гейдегі банктердің жеке тұлғаларға жаңадан берген қарыздарының көлемі 2022 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 13,4 пайызға ұлғайып, 5 993,2 млрд теңгені құраған. Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздардың үлесі – 5,5 пайыз немесе 519 млрд теңге. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бізге берген дерегіне қарасақ, тұтынушылық кредит беру нарығының көшбасшылары – Kaspi Bank (тұтынушылық портфелінің жалпы сомасының 33 пайызы) пен Halyk Bank (23,9 пайыз).

Халыққа ұсынылған банк секторының кредиттері негізінен еліміздің ірі қалаларында – Ал­маты (28,3 пайыз) және Аста­нада (16,9 па­йыз) шоғыр­ланған. Оның ішінде ипо­текалық қарыздар портфелі ірі экономикалық орталықтарға да тиесілі: Ас­тана қаласы (29,8 пайыз), Ал­маты қаласы (24 па­йыз) және Қара­ған­ды облысы (6,3 пайыз).

Әрине, тұтынушылық займ сегментінде ЖТСМ-нің маңызы өте үлкен. Қазір ЖТСМ-нің шек­ті мәні – 56 пайыз.

«Бұл мән Ұлттық банк бас­­қармасының 2012 жылғы қау­­лысымен белгіленді және содан бері өзгерген жоқ. Осы­ған байланысты кепілсіз тұтынушылық кредиттер бо­йынша мөлшерлемелерді шектеу үшін агенттік нарықтық жағ­дай­ларға байланысты кепіл­сіз тұтынушылық кредит­тер бо­йынша ЖТСМ-нің шекті мәнін реттеуді ұсынады. Осы­лай­ша, ЖТСМ-нің шекті мәнін есептеуді пайыздық маржа, тәуе­кел үшін сыйлықақы, опе­ра­циялық шығыстар және қор­ландыру құны сияқты 4 фак­тордың деңгейіне байланыс­ты жүзеге асыру ұсынылады. Агенттік жоғарыда аталған фак­тор­ларға байланысты кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшерін қайта қарауды жоспарлап отыр», делінген берілген жауапта.

Еске сала кетсек, осыған де­йін кепілсіз тұтынушылық қа­рыз­дар үшін ЖТСМ мөлшерін 56 пайыздан 40 пайызға дейін төмендету туралы ұсыныстар айтылған еді.

Айта кетейік, ЖТСМ – несие төленетін мерзім кезіндегі клиент­тің банкке төлейтін бар­лық сомасының жиынтығы. Оған сыйақы мөлшерлемесінен бөлек комиссия, сақтандыру, бағалау, делдалдар қызметі және кредитордың басқа да төлемдері кіреді. Сарапшылардың айтуынша, кепілсіз тұтынушылық несие үшін ЖТСМ-нің төмендетілуі – азаматтар үшін тиімді бол­ғанымен, қаржы институттары үшін ұнамсыз бастама.

Бөлісу:
Сыйақы төмендеуі мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар