Ауыл
1 мин оқу 270

17 ауыл әкімі сайланды

<p style="text-align: justify;">Өткен жексенбі күні, яғни 13 тамызда еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды. Бұл жөнінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram каналында арнайы жазба қалдырды.</p>

17 ауыл әкімі сайланды

«Кейінгі екі жылда Президенттің саяси реформалар бағдарламасы аясында ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлайтын болды. Осы уақытқа дейін 1 668 ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланды. Үміт­керлердің 75 пайызын саяси партия­лар ұсынса, қалған 25 пайызы – өзін-өзі ұсыну­шылар. Сондай-ақ сайланған әкім­дердің жартысынан астамы (57,4%) бұрын мұндай қызмет атқармаған. Бұл – ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарды деген сөз», деп жазды Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, жергілікті әкімдердің құрамы да біршама «жасарған». Бұл жөнінде ол: «Бүгінде сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жасты құрайды. Алдағы жексенбіде, 20 тамыз күні 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады. Солайша, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды», деп жазды.

Бөлісу:
17 ауыл әкімі сайланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар