Қазақстан
1 мин оқу 270

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қашан басталады?

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу өткізіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;.

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

  • Құжаттарды қабылдау;
  • Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
  • Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
  • Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
  • Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
  • Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар 2023 жылдың желтоқсанында жарияланады.

Бөлісу:
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қашан басталады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар