Білім
1 мин оқу 480

Биыл қанша мектеп пайдалануға берілді?

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы ұсынған ресми дерекке сәйкес,&nbsp;былтырғы алғашқы жеті ай ішінде 3 000 орындық жалпы білім беретін 13 мектеп пен 1600 орындық мектепке дейінгі 13 мекеме пайдалануға берілген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2023 жылғы қаңтар-шілде аралығында 13 589 орынға арналған жалпы білім беретін 24 мектеп, сондай-ақ 1458 орынға есептелеген мектепке дейінгі 19 ұйым пайдалануға берілді. Оның ішінде 12 мектеп пен мектепке дейінгі 14 мекеме ауылды жерлерде орналасқан.

Айта кету керек, 6 мектеп мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен, қалған 18-і жекеменшік кәсіпорындар тарапынан пайдалануға берілген.

«Жоғарыда аталған уақыт аралығында пайдалануға берілген жалпы білім беретін мектептердің көпшілігі Түркістан облысында – 11, Жетісу облысында – 3, Атырау және Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында 2 мектептен. Астана қаласы және Ақтөбе облысында бір-бірден», делінген бюро хабарламасында.

Бөлісу: