Қоғам
1 мин оқу 170

Ерікті мұғалімдер бастамасы

<p style="text-align: justify;">Қоғамның тыныс-тіршілігіне бейжай қарамайтын, бір мұқтаждың кәдесіне жарасақ деген ақеділ ниеттегі педагогтер &laquo;Жүректен жүрекке&raquo; атты еріктілер қозғалысын құрып, талай игілікті іске ұйытқы болып келеді. Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі жанынан құрылған қозғалыс балалар үйінде бірнеше іс-шара ұйымдастырып, қаланың экологиялық мәселесін реттеуге де белсенді атсалысып жүр.</p>

Ерікті мұғалімдер бастамасы

Бұл қозғалыстың бас­тамаларын аталған оқу орны директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдар Күнтубай мен Назгүл Бұтабаева, Баян Шоқанова, Үміт Тұрсынбекқызы, Да­­на­гүл Чайнусипова, Қа­зына Шөкенова сынды оқы­тушылар ұйым­дасты­рады.

Еріктілер бұған дейін №1 облыстық балалар үйін­де көптеген іс-шара өткізіп, балалар мен мекеме қызметкерлеріне үлкен қуаныш сыйлады. Сондай-ақ қоқыс жинау сияқты акцияларды да өткізіп, азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып жүр. Сонымен қатар саламатты өмір салтын ұстануға шақыратын спорттық волонтерлік жұ­мыстарды белсенді түрде жүргізіп келеді.

Мұғалімдерден құралған «Жүректен жүрекке» ерік­тілер қозғалысының тағы бір ерекшелігі – үй-күйсіз, қаңғыбас жануарларға кө­мек­тесуден де қалыс қалмайды. Күн сайын мың­даған жануар көше кезіп, уақытша ұстау изо­ляторына қамалады. Осы ретте олар көпші­лікті жануарларға жауап­кер­шілікпен қарауға шақырып, қорғансыз тіршілік ие­лерінің қатыгез ортаның құрбанына айналудан құтқарады.

Шәкірт тәрбиелейтін мамандардың осындай игі істері – жастарға өнеге. Қалай дегенмен жақсылық жасап үлгі көр­сеткен бұл қозғалыстың қолға алған жұмысы жалғасады деп сенеміз.

Аружан Талапқызы,

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті

Бөлісу:
Ерікті мұғалімдер бастамасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар