Шахтинск жұрты қыста тоңбайды
<p style="text-align: justify;">Шахтинск қаласы – Қара­ғанды облысының ірі өнер­кәсіптік аудан­дарының бірі. Шаһар­дың электр энергиясын заман ағымына сай та­ратуда тиісті кәсіп­орын­дарының алар ор­ны айтар­лықтай. «Шах­­тинсктеп­ло­­э­­нер­го» жауап­кер­ші­­лігі шектеулі серіктес­тігі – Шах­тинск қала­сын жылумен жабдық­тайтын жалғыз қай­нар көзі. Жылу электр орталығы қолда­ныс­қа 1964 жылы тап­­сырылған. Қазіргі уа­қытта жылыту ке­зеңі­не дайындық ая­сын­да жөндеу жұмыс­тары жүргізіліп жатыр.</p>

«Бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес биыл Индустриальная көшесі бойындағы кірпіш зауыты ауданындағы магистралдық құбыр учаскесін қосымша құн салығынсыз 23 млн теңге сомасына жаңалау жұмысы жоспарланды. Сараптау амалдары кезінде Молодежная көшесінің бойындағы магистралдық құбырлардың тозығы жеткені анықталды. Алдағы уақытта оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында құбырларды ауыстыру шаралары жедел түрде қолға алынды. Мердігер – «Bolashak Build Company» компаниясы тарапынан Табиғи монополияларды реттеу комитетіне инвестициялық бағдарламаға тиісті өзгерту енгізуге өтінім жолдады. Комитет ұсынысты қарастырып жатыр», дейді «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС директоры Мұрат Әлімов.
Шаһардағы жалғыз жылу компаниясы 250 көпқабатты тұрғын үйді, 25 әлеуметтік нысанды, 17 білім нысанын, төрт медициналық мекемені, үш мәдениет және бір спорт нысанын жылумен қамтиды. Онымен қоса, 15 әкімшілік нысан бар.
«Инвестицияларға айырбастау тарифі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестбағдарламаға бюджет қаражаты есебінен орындалатын және тарифтің шамасына әсер етпейтін жалпы сомасы 77 миллион теңгеге 536 метр жылу желілерін ауыстыру бойынша қосымша іс-шаралар енгізілген еді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігерлермен тиісті келісімшарттар жасалып, жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Инвестициялық бағдарламаның барлық іс-шарасы Шахтинск қаласының тұрғындары мен кәсіпорындарын жылу энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталғаны белгілі. Бұл ретте кешенді атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі қаланың тыныс-тіршілігін қолдау үшін ерекше маңызды.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті ұйытқы болған баспасөз турына қатысушылар Жеңістің 40 жылдығы мен К.Маркс көшесіне дейінгі магистралдық құбырларды жаңалау бойынша орындалған жұмыс барысымен танысып, жылыту маусымына даярлық деңгейіне көз жеткізді. Іссапар барысында БАҚ өкілдері компания қызметіне, сондай-ақ кәсіпорынның жұмыс жоспарын уақтылы әрі сапалы орындауға қатысты сауалдарын жолдап, құзырлы мекемелер өкілдерінен тиісті жауап алды.
Қарағанды облысы