Қоғам
1 мин оқу 470
Таразда 2 миллион теңге пара алған судья ұсталды
<p style="text-align: justify;">Таразда 2 миллион теңге пара алған судья ұсталды. Оның бұл ақшаны жазаны жеңілдету үшін алғаны анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Антикоррупциялық қызмет Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараздың №2 соты судьясының 2 млн теңге сомасында пара алғанын әшкереледі.
Судья сотталушыдан іс жүргізу кезінде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыру емес, басқа жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді.
Бөлісу: