Жәдігер
2 мин оқу 273

Тақсай ханымы

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздік жылдарында еліміздің рухани қазынасына қосылған құндылықтың бірі &ndash; Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы жерінен табылған Тақсай ханымы (кей деректе абыз әйел).</p>

Тақсай ханымы

Бұл жәдігер 2012 жылы археолог Яна Лұқпанованың жетекшілігімен жүргізілген экспедиция нәтижесінде жарыққа шықты. Отандық археологияда «Тақсай оба кешені» деген атқа ие. «Тақсай-1», «Тақсай-2», «Тақ­сай-3», «Тақсай-4», «Тақсай-5» қор­ғандарына қазба жұмысын жүргізу кездейсоқтық емес. Өйткені бұл өңір­ден 1965 жылы жер жырту барысында әртүрлі жәдігер табылған. Сөйтіп, арада 37 жыл өткен соң Тақсай кешеніне қазба жұмыстары қолға алынып, нәтижесінде, кере­мет қазыналар табылды. Бұл арте­фактілер б.з.д. V ғасыр үлесіне жатқы­зылып, табылған бұйымдар ата-баба­ла­рымыз сарматтардан қал­ған дүние екені дәлелденді. Осы­лар­дың ішін­де, кешеннің шығыс жақ шетін­­де орналасқан – диаметрі 41, биік­тігі бір метр болатын №6 обадан әйелдің мүрдесі қазылып алы­нуы жаңа тарих бетін ашты. Бұл мүрде – аса қымбат әшекейлі киім киген, шошақ төбелі сәукелесінің ұшына тау ешкі бейнесі орнатылған.

Мойнында тұтаса құйылған қос салпыншақты гривна, үстіндегі киі­мінің кеуде тұсына: шаршы һәм сопақша пішінді барақ ит пен қой­дың басы бәдізделген алтын әше­кейлер және дөңгелек формалы алтын моншақтар қапсырылса, жеңіне қасқырдың азу тістері қап­сы­рылған алтын құй­малы сал­пын­­шақ та­ғыл­ған. Білегінде мы­­сықтектес мүйіз­­­ді жыртқыштың бұ­зау­мен айқасы суреттелген білезігі бар. Сол қолында тол­қын өрнекті көкшіл түсті шыны ыдыс, оң қолына қоладан құйылған алтын сапты айна ұстаған...

Сонымен қатар қабірдің бір шетінен – саздан жасалған жіңішке мойынды ыдыс, ағаш тарақ салынған қобдиша табылса, үңгірдің орта тұсынан – түйе басты қола қазан, тана көзді шыны-аяқ, үңгірдің батыс бұрышынан – ат әбзелдері қазылып алынған.

Тақсай қорған кеше­нінен табылған әйел мүрдесін қалпына келтіру ісімен ар-хеолог Яна Аманкелдіқызы айналысса, оның фотобейнесін суретші Л.Тұрғынбаева жасап шыққан. Сондай-ақ кешеннен табылған жәдігерлерге Жапонияның Токио, Гер­манияның Бохум және Франк­фурт-Дюссельдорф, Ре­­сейдің Мәскеу, Санкт-Пе­тербург, Орынбор, Челябі, Пущино, Новосібір қалала­рынан келген мамандар зерттеу жүргізіпті.

Бөлісу:
Тақсай ханымы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар