Қаржы
1 мин оқу 260

Доллар бағамы төмендеді

<div class="description" style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған мәліметке сәйкес, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,27 теңгеге төмендеп, 452,34 теңге болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,77 теңгені (-1,55) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 501,69 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 452-455 теңге, еуро 492-496 теңге, ресей рублі 4,75-4,97 теңге аралығында сатылып жатыр.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы көтеріле бастады.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы қазан айындағы фьючерстерінің құны 0,92%-ға өсіп, барреліне 85,58 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,92%-ға өсіп, барреліне 81,40 долларды құрады.

Бөлісу: