Қоғам
1 мин оқу 220

Алматы тауларында адасып кеткен екі қыз табылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен екі қызды тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«21 тамызда сағат 1:20-да ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне ер адамнан оның таныстарының тауда жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккендермен байланыс болды», делінген хабарламада.

РЖҚЖ жедел тобы өтініш берушілердің геолокациясы бойынша Казачка өзенінің шатқалына қарай шақыруға шыққан. Сағат 2:20-да құтқарушылардың жедел тобы қыздарды тауып алған. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарушылар оларды аман-есен төмен түсірген.

Туристердің Көк жайлаудан түскен кезде адасып кеткені белгілі болды.

Бөлісу:
Алматы тауларында адасып кеткен екі қыз табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар