Президент
1 мин оқу 220

Президент Бакнинь провинциясы мен Қазақстан өңірлерінің бірі арасында бауырластық қатынас орнатуды ұсынды

<p style="text-align: justify;">Президент Провинциялық комитеттің хатшысы, Ұлттық жиналыстағы Бакнинь провинциясы депутаттары делегациясының басшысы Нгуен Ань Туанмен кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент Бакнинь провинциясы мен Қазақстан өңірлерінің бірі арасында бауырластық қатынас орнатуды ұсынды

Кездесу барысында Қазақстан мен Вьетнамның өңірлері арасындағы байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Вьетнамның және бүкіл Оңтүстік Шығыс Азияның интеллектуалдық-өндірістік хабы саналатын Бакнинь провинциясымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін атап өтті.

а

Президент өңіраралық жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бакнинь провинциясы мен Қазақстан өңірлерінің бірі арасында бауырластық қатынас орнатуды ұсынды.

а

Сонымен қатар әңгімелесу барысында инвестиция тарту, инновацияны дамыту, арнаулы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыстары, аса маңызды шикізат материалдары мен жартылай өткізгіштерді өндіру мәселелері қарастырылды.

Бөлісу: