Ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтеді
<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрлігі ауылдық мектептердегі дарынды оқушыларды анықтау үшін, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру мақсатында ауыл оқушыларына арнап алғаш рет 2023-2024 оқу жылында республикалық олимпиада өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада үш кезеннен: аудандық, іріктеу және республикалық кезеңдерден тұрады.
Қорытынды кезеңнің қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қосымша білім алуға қабылдану мүмкіндігіне ие болады. І-дәрежелі диплом алған жеңімпаздар оқу-жаттығу жиындарына шақыртылып, жалпы білім беретін пәндер бойынша ұлттық олимпиадаға жолдама алады.
Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі тәлімгер-ұстаздар үшін де дайындық жиындарын өткізуді жоспарлап отыр.