Аймақтар
1 мин оқу 290

Тұрғын үй комбинаты іске қосылды

<p style="text-align: justify;">Қызылордада үй құрылы&shy;сы комбинаты ашылды. Осы&shy;&shy;ған орай ұйымдас&shy;ты&shy;рыл&shy;ған салтанатты іс-ша&shy;ра&shy;да облыс әкімі Нұрлыбек Нәлі&shy;баев жаңа өндіріс өңір дамуына леп қосатынын атап өтті.</p>

Тұрғын үй комбинаты іске қосылды

Комбинат еден, жол плитасы, іргетас блоктары, маңдайша, тас­палы іргетас, баспалдақ сияқты өнімдер шығарады. Сағатына 80 текше метр тауарлы бетон, күніне 120 текше метр темір-бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

– Жаңа зауыт аймақтағы құры­лыс саласын дамытып, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы көлемін кеңейтуге жол ашады. Ең бастысы, бұл бізге құрылыс шығындарын едәуір азайтуға, импортқа тәуел­ділікті төмендетуге, сондай-ақ капиталдың шетелдерге кетуін шектеуге мүмкіндік береді, – деді аймақ басшысы.

Мемлекеттік қолдау нәтиже­сінде биыл облыс аумағында 8,8 млрд теңгеге 26 тұрғын үй­дің және 46 млрд теңгеге 62 әлеу­меттік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Кейінгі 3 жылда тұрғын үй құрылысының көлемі 112 пайызға өсіп, 3 мың­нан аса адам жаңа пәтерге кірді. Осы жылы 692,3 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа бе­ру жоспарланып отыр.

Қызылорда

Бөлісу:
Тұрғын үй комбинаты іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар