Спорт
1 мин оқу 351

Қарағандылықтар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Польшаның бас шаһары Варшавада (21&ndash;24 тамыз) грепплингтен жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қарағандылықтар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан құрамасына Қарағанды облысының үш өкілі енген екен, үшеуі де финалға дейін жетіп, үздік нәтижелер көрсеткен. Жанұзақ Айтбаев пен Александр Ивашкин алтыннан алқа тақса, Мейірбек Есқазиев күміс жүлдені еншіледі.

Жанұзақ Айтбаев екінші рет әлем чемпионы атанып отыр, ол былтырғы жылы Испанияда дәл осындай атақты жеңіп алған еді.

Ал Александр Ивашкин, Мейірбек Есқазиевтер әлем чемпионатына осы жолы алғаш рет қатысқан екен.

Грепплинг чемпионатына әлемнің 21 елінен 804 спортшы қатысты.

Бөлісу:
Қарағандылықтар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар