Өнер
1 мин оқу 235

Цирк фестивалінде топ жарды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Азия жаңғырығы&raquo; атты цирк өнерінің халықаралық фестивалінде Алматы циркінің әртістері тағы да жеңіс тұғырынан табылды. Әділет Тиканов жетекшілік жасайтын &laquo;Акробаты на двойной мачте&raquo; номерін орындаған Hassak тобы мен Майя Ұлықпанова 11 мемлекеттің әртістері арасында үздік атанып, XIY халықаралық фестивальдің қола жүлдесін жеңіп алды.</p>

Цирк фестивалінде топ жарды

Тамылжыған тамыз айында Астаналық цирктің манежінде Қазақстан, АҚШ, Франция, Моң­ғолия, Қырғызстан, Өз­бек­стан, Ресей, Беларусь, Венг­рия, Қытай, Болгария, Из­райль, Якутия, Гер­мания, Тәжік­­­с­тан елдерінің ең мықты әр­тіс­­тері кездесті. Бай­қауға қа­тысқандардың өнерін бүгін­гі цирк өндірісіндегі таны­мал мәдени тұлғалар баға­ла­ды. Қазылар алқасының құ­ра­­мына «Астаналық цирк­тің» бас директоры Ерік Жол­жақ­сынов, Монте-Карло­да­ғы ха­лықаралық цирк фести­валі­нің вице-президенті Урс Пилз, Италиядағы халық­ара­лық цирк фестивалінің пре­зиденті Фабио Монтико, Fire­bird Productions Ltd (АҚШ) же­текшісі Петр Дубинский, цирк өнерінің Ұлттық орталығы мен Будапешт қаласындағы астаналық цирктің директоры Питер Факете, CirqueD Hiver Bouglione президенті Одет­те Буглионе, Беларусь мемлекеттік циркінің директоры Владимир Шабан, Тәжікстан мемлекеттік цир­кінің директоры Бихтиер Рах­матуллозода, Саха Респуб­ликасы мемлекеттік циркінің директоры Сергей Расторгуев, Қазан мемлекеттік циркінің  директоры Эльмира Булатова, Моңғолия циркін дамыту Ор­талығының президенті Ердене Нургуи, Мәскеудің Цвет­ной Бульварындағы Ни­ку­­лин циркі директорының гастроль­дерді ұйымдастыру мен шетелдермен жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Огур­цов, Алматыдағы Қазақ мем­лекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов, Өзбекстан мемлекеттік циркінің директоры Рустам Мажидов бар.

Қазақ мемлекеттік цир­кінің талантты әртістері жеңім­паз атану үшін «Азия жаң­ғы­рығының» өзге қатысу­шы­ларымен бірге кәсі­би дайын­­­дықтың теңдессіз үл­гісі мен биік деңгейдегі өнер өрне­гін көрсетті.

Бөлісу:
Цирк фестивалінде топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар